Главная Новости Ұлттық холдингтер мен компанияларда сатып алудың жаңа тәртібі енгізіледі
17 наурыз 2021, 10:07 1233

Ұлттық холдингтер мен компанияларда сатып алудың жаңа тәртібі енгізіледі

Ұлттық холдингтер мен компанияларда сатып алудың жаңа тәртібі енгізіледі

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды SKnews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес Қаржы министрлігі аталған заң жобасын әзірледі.

«Қазіргі уақытта квазимемлекеттік сектордың сатып алулары әртүрлі нормативтік құқықтық актілермен реттеліп келеді. Мәселен, «Самұрық-Қазына» қорының сатып алулары «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңмен және Қордың директорлар кеңесі бекіткен сатып алу қағидаларымен реттеледі. «Самұрық-Қазына» қорының құрамына кірмейтін «Бәйтерек», «ҚазАгро», «Зерде» сияқты ұлттық компаниялардың сатып алуы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңмен және Қаржы министрлігі бекіткен Сатып алу қағидаларымен реттеледі.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың жанында жұмыс істейтін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алулары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңмен және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен реттеледі», - деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есебінен дәрілік заттарды сатып алатын медициналық ұйымдардың және Бірыңғай дистрибьютер «СК-Фармация» ЖШС-нің сатып алулары Денсаулық туралы Кодекспен және Дәрілік заттарды сатып алу қағидаларымен реттеледі.

«Әзірленген заң жобасымен Самұрық-Қазына Қорының және өзге де ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуларын реттеу ұсынылады. Осылайша, заң жобасы сатып алулары шамамен 3,4 трлн теңге сомасындағы 250-ден аса ұлттық компанияларды олардың еншілес ұйымдарымен бірге қамтитын болады. Бұл ретте орталық және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің сатып алуды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның аясында қалдыру ұсынылады», - деді министр.

Заң жобасында мынадай негізгі тәсілдер ескерілген:

Біріншіден, квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін бірыңғай болып саналатын, Заңның қолдану аясына, қағидаттарға, шектеулерге, тәсілдерге, бақылауға және шағымдануға қатысты базалық ережелер Заң деңгейінде бекітіледі.

Екіншіден, сатып алу процесін нақтылайтын нормаларды ережелер деңгейінде регламенттеу ұсынылады. Осы жерде «Самұрық-Қазына» қорының Сатып алу ережелерін бекітуді уәкілетті органның (Қаржымині) келісімі бойынша Қордың қарамағында қалдыру ұсынылды. Бұл Қор қызметінің ерекшелігі мен оның мәртебесіне, сондай-ақ ІРО өткізу және жекешелендірудің өзге де түрлері кезінде Қор компанияларының инвестициялық тартымдылығын сақтау қажеттігіне байланысты.

«Жалпы, заң жобасын қабылдау – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуының ашықтығын, тиімділігін арттыруға және осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: