Главная Новости Ұлытау облысында 6 жайлы мектеп бой көтереді
29 қыркүйек 2023, 08:24 812

Ұлытау облысында 6 жайлы мектеп бой көтереді

Ұлытау облысында 6 жайлы мектеп бой көтереді

«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасының аясында Ұлытау облысында 6 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған. Жаңа форматтағы білім ошақтары бір кезекте 3600 оқушыға шақталмақ.

Жайлы мектептердің бірі 2024 жылы өз есігін айқара ашпақ. Оқу орны Жезқазған қаласындағы «Геологический» ықшам ауданында бой көтереді. 300 оқушы орнына арналған нысанның құрылысын «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС жүргізбек. Облыс орталығындағы ұлттық жобаның жүзеге асырылуымен Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов танысып, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысовпен инженерлік желілерді тарту бойынша жобаны талқылады. Қос тарап мектепке кіреберіс жолдардың орналасуы мен автотұраққа арналған жер телімінің бөлінуін де қарастырды.

Сондай-ақ, болашақ оқу ошағының учаскесін сумен қамтамасыз ету қажет. Мердігер компания өз кезегінде «Транстелеком» АҚ бірлесіп, жақын арада талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмысын жүргізеді. SK Construction басшысы жергілікті атқарушы орган өкілдерінің назарын кәріз жүйесінің проблемасына аудартты. Жұмыс істеп тұрған желінің қуаттылығы болашақ мектепке жетпеуі мүмкін, ал жаңасының құрылысы ұзақ уақытты талап етеді. Сондықтан, Мәулен Айманбетов септик орнату мәселесін қарастыруды тапсырды.

Басқарма төрағасының өңірлерге іссапары жалғасуда. Бүгін, 29 қыркүйек, Мәулен Айманбетов  қыркүйек, Мәулен Айманбетов 3 жылдың ішінде 18 жайлы мектеп бой көтеретін Қарағанды облысына барады.
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: