Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бағдарламаға қатысу үшін отбасының жалпы табысы 320 мың теңгеден аспауы керек, деп хабарлайды SKnews.kz Информбюро порталына сілтеме жасап.
"Отбасы банк" тұрғын үй саласында гендерлік теңдікті жетілдіруге негізделген әйелдерге арналған "Ұмай" ипотека жобасын іске асыруға кірісті. Бағдарлама әйелдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталады.
Ипотекаға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Тұрғын үй таңдауда шектеу қойылмайды. Ипотеканы жаңа пәтерлерге де, екінші нарықтағы пәтерлерге де, оның ішінде үлестік келісім бойынша да, жөндеу мақсатында да рәсімдеуге болады.
Несиенің ең жоғары сомасы:
Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны – 30 миллион теңге (қоса алғанда). Тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге 3,7 миллион теңгеге дейін қарыз беріледі.
Несиенің негізгі шарттары:
Жоба аясында шамамен 4 мыңға жуық қыз-келіншек тұрмыстық жағдайын жақсартады деп күтілуде. Жаңа бағдарлама Азия даму банкінен алынған 38 миллиард теңге қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстанда ипотекалық несие рәсімдеген әйелдердің үлесі – 48%. "Отбасы банкінің" несиелік қоржынындағы әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда жоғары. Несиелер саны бойынша әйелдердің үлесі – 57%, несие сомасы мен қарыздың қалдығы бойынша 53%-ға тең.