Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атбасар электровоз жөндеу зауытының базасында алғашқы рет «Үздік дәнекерлеуші-2022» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Оған «Қамқор Локомотив» компаниясының барлық филиалдарынан келген мамандар қатысты.
Байқаудың мақсаты – дәнекерлеуші мамандар теориялық және практикалық білім-біліктіліктерін көрсетіп, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру. Сонымен қатар еңбек ұжымының үздік дәстүрлерін сақтауда және жұмысшы мәртебесін арттыруда маңызы зор дейді оны ұйымдас- тырушылар.
«Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде дәнекерлеушілер теориялық білім жарыстырып, компьютер арқылы тестілеу сұрақтарына жауап берді. Бұл сайыс балдық жүйе бойынша бағаланып, нәтижесі автоматты түрде шығарылды. Екінші сайыс практикалық біліктілікті тексеруге негізделген. Яғни, дәнекерлеушіге қандай да бір бөлшек беріледі, ол оны белгілі бір уақыт ішінде дәнекерлейді. Нақты бір әдістеме арқылы дәнекерлеу жұмысының сапасы, шапшаң пісірілуі, тігісі, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы тексеріледі. Осы екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік дәнекерлеуші анықталды», – дейді «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің техникалық директоры Жанатбек Адамбаев.
Байқау барысында оған қатысушылар диаметрі 150 милиметрлік құбырды дәнекерледі. Оны пісіру барысында дәнекерлеушілердің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы, жеке қорғану құралдарын киюі, тағысын тағы талаптардың сақталуы бақылауға алынды. Комиссия қорытындысы бойынша бірінші орынды атбасарлық Дархан Мұстафиннің жұмысы жоғары бағаланып, жүлделі 1-орынға лайық деп танылды. 2-орынды елордадан келген Тимур Зейналиев, ал үшінші орынды тараздық Михаил Горьковий еншіледі.
Сұлугүл Бакесова,
Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
265
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи