Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Суретте: ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев
Қазақстан азаматтарына зейнетақы жинағының 60 пайызына дейін алдын ала жұмсауына рұқсат берілуі мүмкін. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев солай дейді.
Ол мән-жайды толық ашпағанмен, бүгінгі таңда Үкімет атына Президентке жақын арада бірқатар ұсыныс жіберілетінін мәлім етті. Егер Мемлекет басшысы келісіп, қол қойса, ел азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы өз жинаған баспана алуға, емге немесе оқуға ішінара пайдаланатын жағдайда болады. Бұл мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылғаны аян.
Ескертерлігі сол, зейнетақы қаржысын барлығы бірдей қолдана алмайды. Мүмкіндік тек қажетті соманы жинағандарға берілмек.
"Шешім қазіргі уақытта қанша жинақтың қалыптасқанына және қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығына байланысты қабылданады. Бұл дегеніңіз - 75 жас. Зейнетке шыққандағы өмір сүру шамасы, қаржы қоры, түгелін есептедік. Белгілі бір сома, кем дегенде 40% шотта қалуы тиіс. Соған сәйкес баспана мен емделуге, білім алуға қажет шығын көлемі айқындалады", - дейді Бердібек Сапарбаев.
Бұған дейін, қыркүйекте Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жасағанда, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін ертерек кәдеге жарату мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
54
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы