Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 40 жылдан аса компанияда қызмет істеген зейнеткерлердің үйіне арнайылап барып, басшылық атынан дәм-тарту жасады.
Әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы Саин Ғалидуллинның айтуынша, бүгінде компанияда 1 500 зейнеткер бар. Аталған еңбек ұжымы өз зейнеткерлерін әр мереке сайын ешқашан ұмыт қалдырған емес.
«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасында 40 жылға жуық оператор болып еңбек еттім. Аллаға шүкір, ұзақ жылғы адал еңбегіміздің зейнетін көріп отырған жайымыз бар. Құрметтің, сыйдың үлкен-кішісі болмайды. Бүгін арнайы келіп, Басқарманың атынан ала келген сый-сияпаттарыңызға рақмет айтамын. Қуанып қалдым», – деді Хадиша Омарова.
Бұдан өзге, әр салада қызмет істеген зейнеткерлерге Компания атынан тұрақты әлеуметтік көмектер, бір жолғы төлемақылар қарастырылған. Атап айтқанда, 8 наурыз, Мұнайшылар күніне орай берілетін сыйақылар мен мерейлі жасқа толған зейнеткерлерімізге 153 мың теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетіледі. Бұл өтемақылардың барлығы зейнеткерлерімізге деген үлкен қамқорлық.

1997 жылы ЖУТТ мекемесінде бухгалтер, кейіннен Қоғамдық тамақтандыру бөлімінде ұзақ жыл қызмет істеген Жұмагүл Айбазарқызы:
«Көктеммен бірге келген көлдей көңілдеріңізге ризамын. Азды-көпті еңбегімізді елеп-ескеріп жатқан мекемемізге алғыс айтамын. Жақсы бастамаларың, ізгі істерің ұзағынан болғай», – деп тілек-ниетін білдірді.
Бұл үрдістің үзілмей, жалғасты болуына шынайы тілекші болған 9 зейнеткер ізге ерген ұрпақтың қазаққа тән қамқорлық, бауырмалдық, мейірім мен қасиеттің өшпей, өркен жайғанының тағы бір дәлелі деумен қоштасты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы