Page 7 - SK News №5-6 (163-164)
P. 7

SK NEWS











             АМАЛ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ИГІ ІСТЕР

             Наурыздың салт-дәстүрлері еліміздің батыс
             өңірінде жақсы сақталған деген пайым бар.
             Бұл жаңсақ пікір емес. Көрісу салты, амал
             мерекесі елімізге бертінде осы өлкеден та-
             раған-ды. Бұл орайда «Маңғыстаумұнайгаз»
             компаниясының наурызды мерекелемеуі
             мүмкін емес. Маңғыстаулық мұнайшылар
             қасиетті амал мерекесі қарсаңында бірқа-
             тар игілікті істердің бастамашысы болды.
             Ең алдымен Қаламқас мұнайшыларына
             арналған 75 орындық жаңа асхананың
             есігі айқара ашылды. Қазақы дәстүрге сай
             шашу шашылып, жұртшылық асхананың
             ішкі жағдайымен танысты. Еңселі ғимарат
             ас-тағам әзірлеуге арналған цех пен барлық
             қажетті жабдықтармен қамтылған. Мұнда әр
             адам үшін бірінші және екінші ас мәзірінің
             алуан түрлері, салат пен тағамның түр-түрі
             ұсынылады.

             «Осы уақытқа дейін таңғы және кешкі ас ішу
             үшін вахталық поселокқа барып жүрдік. Ал






                                                            түскі асты жұмыс басына алып келетін. Енді
                                                            біз цех жанында ашылған жаңа да жайлы
                                                            асханада тамақтанатын болдық. Мұндағы
                                                            ас-тағамдар өте дәмді. Әз Наурызда жаңа
                                                            сый жасаған Басқарма басшылығына мұнай-
                                                            шылар атынан алғыс айтамын», – деді
                                                            «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқарма
                                                            басшысының бірінші орынбасары Мақсат
                                                            Нұрғабылов.

                                                            Қаламқастықтарға ұлыс күні қарсаңында жа-
                                                            салған тағы бір сый – Қаламқаста өндірілетін
                                                            шикі мұнай мен су құрамын терең зерттеуге
                                                            мүмкіндік беретін жаңа өндірістік-зертхана-
                                                            лық кешеннің ашылуы болды. Мұнайшылар
                                                            бұл күнді асыға күткен. Өйткені, кен орнын-
                                                            дағы жиырма жыл бұрын құрылған зертхана
                                                            кешені әбден ескірген болатын. Оның үстіне











                                                                                                               7
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12