Page 11 - SK News №5-6 (163-164)
P. 11

SK NEWS










             ӨНЕРЛІ ТЕМІРЖОЛШЫЛАР

             «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ қызмет-
             керлері болса, наурызды шығармашылық
             челленджімен қарсы алды. «Жолаушылар
             тасымалы» АҚ «Оңтүстік» өңірлік филиалы
             бастап берген өнер марафонын теміржол
             саласының өзге құрылымдық бөлімшелері
             іліп әкетті.

             Жаңа жыл – жаңа өмір бастауы, табиғаттың
             жаңаруына арналған шара аясында көктемгі
             композициялар мен түрлі ұлттың ән-жы-
             рынан шашу шашылды. Теміржолшылардың
             наурызды бұлайша мерекелеуінің мақсаты
             – жалпыұлттық келісімді нығайту мен қазақ
             халқының рухани құндылықтарын танымал
             ету.

             НАУРЫЗ ҚОРЖЫН

             «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты «Жылыой-
             мұнайгаз» МГӨБ-ның кәсіподақ ұйымы да
             эпидемия жағдайында Наурыз мерекесіне
             орай қызметкерлерге көтеріңкі көңіл-күй
             сыйлаудың жолын тапты.

             Кәсіподақ ұйымы Халықаралық әйелдер
             күні мейрамында 270 мұнайшы аруға бағалы
             сыйлықтар ұсынса, Наурыз мерекесіне орай
             балаларға арналған 1 300 «Наурыз қоржын»
             таратты. Осындай игі дәстүрді жаңғыртумен
             бірге басқармада ұлыстың ұлы күніне орай
             елеулі еңбектері үшін 39 мұнайшы марапат-
             талып, оларға медаль мен «Құрмет грамота-
             сы» тапсырылды.






















                                                                Нұрболат АМАНЖОЛ




                                                                                                                11
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16