Page 62 - SKNEWS 7-8
P. 62

SK NEWS                                                                    ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ                                                                                                                             SK NEWS







                                                                                                                                                                          «Қайырымдылық көмек «Самұрық-Қазына» қорының
            РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ                                                                                                                                              жастар қозғалысының жастары жинаған қаражат есебінен

                                                                                                                                                                          жүзеге асырылды. Оған қоса, біздің волонтерлер азық-
                                                                                                                                                                          түлік жинақтарын таратуға өз жеке автокөліктерін қолдан-

            РАҚЫМЫ МОЛ                                                                                                                                                    ды. Айта кету керек, волонтерлердің ешқайсы да суық жел,
                                                                                                                                                                          аяз не ышқына соққан дауылдан да ықпай, акцияға бел-
                                                                                                                                                                          сенді қатысты. Біз азық-түлік жинақтарын көмекке мұқтаж
                                                                                                                                                                          30 отбасыға тараттық. Әлбетте, олардың бәрі де тосын
            ШАРА                                                                                                                                                          көмекке таң қалғанымен, ырза болып, алғысын жаудыр-
                                                                                                                                                                          ды. Біздің ерікті жастардың жұмыс уақытын алмас үшін
                                                                                                                                                                          акция сенбі күні ұйымдастырылды. Рамазан айында қолға
                                                                                                                                                                          алынған қайырымдылық шарасына қатысқан барша әріп-
                                                                                                                                                                          тестерге алғысым шексіз», – деді ӘӨЫКО коммуникаци-
                                                                                                                                      Жанат МАГУЛОВА                      ялық жобалар бөлімінің бас менеджері Жанат Магулова.





           «Самұрық-Қазына» Қорының 15 жылдығы аясында қолға
           алынған «Самұрық-Қазынаның 150 қайырымды шарасы»
           бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатыр. Соның бірі қасиет-
           ті Рамазан айында көпбалалы, тұрмысы төмен және мүгедек
           балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсетуге
           ұласты. Бұл акцияның бастамашысы да, жүзеге асырушысы да
           – «Самұрық-Қазына» Қорының белсенді жастары.










              Қорға қарасты жастар одақтары 1 млн 268          АҚ, «Самұрық-Қазына Контракт» АҚ, «Qazaq
              мың теңге қаражат жинап, осы сома түгел-         Gaz» АҚ, «KEGOC» АҚ,  «Samruk-Kazyna
              дей ең қажетті азық-түлік тауарларын сатып       Construction» АҚ және Әлеуметтік өзара
              алуға жұмсалды. Жастар әзірлеген азық-           ықпалдастық және коммуникация орта-
              түлік жинақтарының әрбіріне ұн, жарма,           лығынан жалпы саны 20 волонтер өздері
              қант, жемістер мен көкөністер салынды.           құлшыныс танытып, күннің суығына қара-
              Әрбірінің құны 40 мың теңге шамасында.           мастан азық-түлік тауарларын мұқтаж отба-
              Мұқтаж отбасылардың бәріне, сондай-ақ,           сыларға лезде-ақ таратып шықты.
              «Магнум» супермаркетінен азық-түлік сатып
              алуға арналған 12 мың теңгелік сертификат        Айта кетейік, мұндай акция өткізу жөнінде
              табыс етілді.                                    бастама көтерген және оны ұйымдастырған
                                                               Әлеуметтік өзара ықпалдастық және комму-
              Қор жастары қажетті жинақтарды әзірлеп,          никация орталығы болатын.
              енді таратамыз деп отырғанда Астананың
              ауа райы күрт суытып кетті. Қалың қар            «Самұрық-Қазына» Қорының 15 жылдығы-
              жауып, үскірік дауыл соқты. Дегенмен, бұл        на арналған шаралар жыл бойы жалғасын
              да жастарды ойға алған істен жаңылдырған         табады.
              жоқ. Қайта «Қазпошта» АҚ, «Қазатом-
              өнеркәсіп» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ,
              «Самұрық-Энерго» АҚ, «Тау-Кен Самұрық»
                                                                   Аяулым АЙБЕК



       62
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67