Page 75 - SKNEWS 7-8
P. 75
SK NEWS ЖАЗҒЫ САЯХАТ SK NEWS
БАКУ, ӘЗЕРБАЙЖАН
БИЫЛ ОТАНДЫҚ Бакуге қазірдің өзінде Қазақстанның Ақтау қаласынын
әр дүйсенбі мен жұма сайын сапарға шығуға болады.
ЛОУКОСТЕРМЕН Ал 2 маусымнан бастап FlyArystan астаналықтарға да
ерекше сый жасап, Қазақстанның бас қаласынан тікелей
рейстерді ұйымдастырады. Ұшу даталары дәл солай – әр
дүйсенбі мен жұма сайын.
ҚАЙ ЕЛДЕРГЕ САПАР ШЕГУГЕ БОЛАДЫ? Баку терең тарихы мен сәнді де заманауи ғимаратта-
рымен көз тартады. Ішкі қала мен қыз мұнарасы, ша-
хидтер аллеясы мен Гобустан қорығы – туристер жиі
баратын орындар. Ал Каспий жағалауында теңіз туризмі
де жақсы дамыған.
Мамыражай мамыр да келіп жетті. Бұл – қазақстандықтардың
жазғы демалысын жоспарлап, саяхатқа дайындалатын дәстүрлі
кезеңі. Бұл орайда, отандық лоукостер – FlyArystan әуе компания-
сы да жазғы кезеңге арналған маусымдық рейстерді іске қосуға
дайындалып отыр. Ендеше, бұл материалда FlyArystan компания- САМАРҚАН, ӨЗБЕКСТАН
сының 2023 жылы қай әлем елдерінің қай қалаларына жаңа және
маусымдық тікелей рейстер ашатынын топтап шықтық. Самарқанға FlyArystan-мен Алматыдан аптасына екі рет –
сәрсенбі мен сенбі күндері аттануға болады.
Самарқанға баратын туристер әдетте саяхатты Гүр Әмір
мавзолейінен бастайды. Кешен Темірдің бастамасымен 1404
жылы бой көтерген. Одан кейінгі нысан – Регистан алаңы.
Шаһардың негізгі архитектуралық ескерткіштерінің тағы
бірі – Бибі ханым мешіті. Ол 1399-1404 жылдары салынған.
Кезінде мешіт ауласында 10 мың адамға дейін намаз оқи
алатын болған.
ЕРЕВАН, АРМЕНИЯ
4 мамырдан бастап әр бейсенбі мен жексенбі сайын
FlyArystan компаниясының Airbus ұшақтары Ақтау қа-
ласынан Армения астанасына қатынайды. Маңғыстау
облысының тұрғындарынан бөлек, Ереванның сән-сал-
танатын Алматы, Шымкент, Астана, Атырау, Ақтөбе, Орал
қалаларының тұрғындары тамашалай алады. Өйткені,
бұл қалалардан қолайлы түйістіретін рейстер бар.
Әлбетте, Ереванға саяхаттайтындар Арарат тауына,
Каскад сәулеттік ескерткішіне, биші субұрқақтар мен
өзге де сәулет туындыларына барады.
74 75