Page 76 - SKNEWS 7-8
P. 76
SK NEWS SK NEWS
КУТАИСИ, ГРУЗИЯ
Грузияның Кутаиси қаласына Қазақстанның бірқа-
тар қаласынан тікелей рейс бар. Олар – Ақтау, Астана,
Атырау, Шымкент қалалары болса, 4 маусымнан бастап
FlyArystan бұл қатарға Алматыны қосуды да жоспар-
лап отыр. Еліміздің оңтүстік астанасынан Грузияның
оңтүстік астанасына аптасына екі рет – сәрсенбі мен
жексенбі күндері саяхатқа шығуға болады.
Кутаиси шағын да болса, тарихы өте бай қала. Мұнда
қала ішіндегі сәулет ғимараттарынан бөлек, Прометей
үңгіріне барып, қала маңындағы Баграти ғибадатхана-
сын, Мартвили және Окацэ шатқалдарын, Кахетидегі
шарап мұражайын аралауға болады.
БІШКЕК, ҚЫРҒЫЗСТАН
Алматылықтар үшін Бішкекке бару аса таңсық саяхат бол-
мағанымен, FlyArystan бұл мүмкіндікті астаналықтарға
жасауды ұйғарған. Екі елдің астанасын жалғайтын тікелей
рейстер 10 маусымнан бастап жасалады.
Бішкек те тарихы терең қалалардың бірі. Қала Алатау ете-
гінде және кезіндегі Ұлы Жібек жолының бойында орнала-
суымен құнды. Қалада Қырғыз ұлттық тарихи мұражайы,
Айтиев атындағы Ұлттық өнер мұражайы, Минералогия
мұражайы орналасқан.
БИЛЕТТЕР САТЫЛЫМДА
Жоғарыда аталған жаңа және маусымдық бағыттар бойынша билетті қазірдің
өзінде-ақ сатып алуға болады. Бір құпияны ашайық: билетті қаншалықты ертерек
алсаңыз, соғұрлым бағасы да арзанырақ болады.
Бұл топтамаға енген бес бағыттан бөлек, FlyArystan арқылы Түркия, Үндістан, Бірік-
кен Араб Әмірліктеріне саяхаттауға да болады. Қазіргі таңда компанияның әуе
флотында 14 Airbus A320 ұшағы бар. Ал 2023 жылдың соңына дейін ұшақтар саны
19-ға жетеді деп жоспарланған.
76 Әділхан СМАЙЫЛ