Page 4 - SKNEWS 7-8
P. 4
SK NEWS ҚОР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» БАСШЫСЫ
БЕЙЖІҢДЕ БІРҚАТАР КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Қытай астанасына
сапары аясында бірқатар компаниялардың басшылығымен кездесті.
Citic Group – қаржы, банк, сақтандыру қызметтерімен, өнеркәсіп, құрылыс, энергетика, көлік және теле-
коммуникация салаларына инвестиция салумен айналысатын Қытайдың ірі мемлекеттік конгломераты.
2022 жылы Fortune Global 500 халықаралық рейтингінде компания 102-ші орынға ие болды.
CGN – атом энергиясы саласындағы ең ірі компания. «Қазатомөнеркәсіп» және CGN – Қытайдың атом
электр станциялары үшін табиғи уранды жеткізу саласында 20 жылға жуық ынтымақтасып келеді, сон-
дай-ақ Қазақстандағы «Семізбай» және «Орталық» кен орындарын бірлесе дамытуда.
Бұдан бөлек, Өскемендегі жылу бөлгіш құраманы өндіру жобасы екі ел арасында жоғары технология-
лық өндірістер жүзеге асып жатқанын дәлелдейді.
CNPC – ең ірі мемлекеттік мұнай-газ корпорациясы. Компания мұнай және газ кен орындарын барлау-
мен және игерумен айналысады.
Қытай нарығындағы оның үлесі шикі мұнай бойынша 60%, табиғи газ бойынша 73,4% және мұнай өнім-
дері бойынша 41% құрайды. Қазақстанда компания «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ кәсіпорнымен бірлесе
жұмыс істейді, «Жаңажол», «Кеңқияқ тұз асты», «Северная Трува», «Кеңқияқ тұз үсті» және тағы басқа
кен орындарын игереді.
Huawei – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен смарт құрылғыларын жетекші жаһандық
жеткізуші. Huawei компаниясы 170-тен астам елдер мен аймақтарда жұмыс істейді. Корпорация Қа-
зақстанда озық цифрлық шешімдерді енгізуде маңызды рөл атқарады. Жақында Қазақстан Президенті
Huawei мен Қордың портфельдік компаниясы «ҚТЖ» ҰК-мен бірлесе құрған жаңа Инновациялық орта-
лықты ашқан болатын.
China International Water & Electric – Қытай халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпора-
циясы. Наурыз айының басында «Самұрық-Энерго» АҚ мен CWE арасында Қазақстанда алғашқы ги-
дроаккумуляциялық электр станциясын салу жобасы шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге қол
қойылған болатын.
4

