Page 5 - SKNEWS 7-8
P. 5
SK NEWS
State Power Investment Corporation – Қытайдың мемлекеттік энергетикалық инвестициялық корпора-
циясы. Келіссөздер барысында энергетика саласы, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері бойын-
ша ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Қор SPIC-тің еншілес компаниясы
China Power International Holding бірге Қазақстанда қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу
жобасын іске асырып жатыр.
ҚОР ҰЖЫМЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»
АКЦИЯСЫНА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСТЫ
«Самұрық-Қазына» АҚ және оның портфельдік компанияларының
қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілікке қатысты.
Сенбілікке көптеген еріктілер жиналды. Олар елорда-
ны жаппай тазалау және абаттандыруға кірісіп кетті.
«Баршаңызды Астанамызды қоқыстан тазалауға
шақырамын. Біз өз үлесіміз арқылы сүйікті қаламызға
деген құрметімізді көрсетеміз. Бұл бизнес өкілдері мен
жастар үшін үлгі болады деп сенемін», – деді Қордың
Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Қор барлық қызметтің аспектілерінде ESG принцип-
терін (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік
стандарттар) біріктіруге үлкен мән береді.
Өңірлерді жасылдандыру және елдегі экологиялық
жағдайды жақсарту мақсатында Қор алдағы 4 жылда
36 миллионға жуық ағаш егуді жоспарлап отыр.
5

