Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Тараздағы балалар үйінің тәрбиеленушілері Испанияның Мадрид қаласына, әлемге таныман "Реал Мадрид" клубы ойыншыларымен кездесуге аттанды. Бұған дейін, Қазақстан бойынша балалар үйі мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасында футбол чемпионаты басталғанын хабарлаған болатынбыз.
Турнирдің бас жүлдесін ата-ана қолдауынсыз қалған, 11-14 жас аралығындағы, Тараз қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерінен құралған "Тұлпар" командасы иеленді.

Балалардың Испанияға сапары "Реал Мадрид" футбол клубымен кездесумен есте қалмақ. Сонымен қатар, олар Испания королінің сарайына, "Сантьяго Бернабеу" стадионы мен мұражайына және Қазақстанның Испаниядағы консулдығына саяхаттап барады. Балалар сапары 27 қазанға дейін жалғаспақ.
Естеріңізге сала кетейік, Испанияға үздік клубтардың бірі "Реал Мадрид" футбол клубымен кездесу мүмкіндігі үшін 10-13 қыркүйекте Алматы қаласында орталық стадион алаңында 12 мықты команда өзара бақ сынасты. Жалпы жоба бойынша балалар үйлерінен 300-ге жуық футболшы баланың өтінімі қабылданды.
"Чемпионаттың басты мақсаты - балаларды ынталандыру және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетімдер арасында талантты футболшыларды дамыту. Біздің қор, міне бірнеше жыл болды, бұқаралық спортты дамытуға көмек көрсетіп жатыр. Мәселен, бүкіл ел бойынша қазіргі заманғы спорттық және балалар ойын алаңдарын орнату бойынша жоба іске асырылуда, дарынды балаларға жол гранттары үлестірілуде, республикалық жазғы спартакиада өтті", - дейді "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Иргебаев..
"Арманына жақында" чемпионатының ұйымдастырушысы "BAURZHAN" қайырымдылық қоры, бас cеріктес - "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
155
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете