Главная Новости Корпоративтік еріктілер саны 4% ғана. Не істемек керек?
12 желтоқсан 2019, 09:28 2604

Корпоративтік еріктілер саны 4% ғана. Не істемек керек?

Корпоративтік еріктілер саны 4% ғана. Не істемек керек?

Осы күндері елордада өтіп жатқан "ҚТЖ" ҰК" АҚ жастар форумындағы қызықты шараның бірін "Самұрық-Қазына" АҚ Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы ұйымдастырды. Белгілі тележурналист Асхат Садырбай жүргізген шеберлік сағаты "Корпоративтік волонтерлік" тақырыбына арналды.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Қордағы ірі және ел экономикасын қамтамасыз етуде маңызы зор қоржындық компаниялардың бірі екені сөзсіз. Ұлттық теміржол холдингі тек жұмысшылар санының көптігі жағынан ғана емес, сонымен қатар еліміздің барлық аймақтарын қамтумен де танымал. Оның құрылымдық бөлімшелері мен кәсіпорындары Қазақстанның шалғай түкпірлеріне дейін қанат жайған. Демек келесі жылға жоспарланған еріктілер қозғалысының көкжиегін кеңейтуде теміржолшы жастардың еңбегі елеулі болатыны анық.

Әлемде мұқтаждық айқын сезіле бастаған "мейірімділік", "ізгілік" ұғымдары қазақ халқының Асар дәстүрімен, "сауап" түсінігімен тереңінен астасуда. Алайда, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда компания қызметкерлерінің тек 4%-ы ғана өздерін корпоративті еріктілер санайды. Ал Қазақстан теміржолында еріктілердің басын қосып, жаңа деңгейге көтеруде тәжірибе алмасуға тұрарлық тамаша тәжірибе қалыптасқан. Қор өз кезегінде өңірлерде қордалаған өзекті мәселелерді шешуге белсенді атсалысып, арнайы іс-шараларды қолға алмақ. Еріктілер желісінің өрісі ұзартылып, ауқымды акциялар іске асырылмақ.

Шара барысында залға жиналғандарға сауалнама жүргізілді. Сәйкесінше "Волонтерлік қызмет үшін ақы төлеу қажет пе?" деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың жартысынан астамы "Иә" деген жауап нұсқасын таңдаса, "Ерікті болу жеке басыңызға пайдасын тигізеді деп ойлайсыз ба?" деген сауалға басым бөлігі оң жауап қайтарды. Сондай-ақ форум қонақтарының көбісі бұған дейін де волонтерлікпен айналысқан болып шықты. Тағы бір анықталған жайт, өндіріс көрігіндегі қызу жұмысқа қарамастан, болатжолдағы жас еңбеккерлер кем дегенде айына бір рет еріктілер қатарына қосылуға дайындықтарын білдірді.

Сарапшылардың шеберлік сабағында форум қатысушылары еріктілікке байланысты өз жобаларын қорғап, корпоративтік еріктілер қозғалысын дамытуға белсенді үлес қосқан үздік 3 аймақ марапатталды. Мәселен, Қарағанды ​​қаласында еріктілер қарттар күні қарсаңында «Ардагерлерге көмек» акциясын өткізіп, тыл еңбеккері мен теміржолшы қарт зейнеткерге отын дайындау және үй мен оның ауласын тазалау арқылы қыс мезгіліне қамдануға қол ұшын созған. Павлодарда ҚТЖ аймақтық жастар кеңесінің белсенділері 250-ден астам зейнеткер тұратын Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде қайырымдылық концерті мен үстел ойындарын ұйымдастырған, әр қарияға сыйлық таратқан. Бұл жерде ең кішкентай еріктінің 5 жаста болғанын келтіре кеткен жөн. Шымкенттік теміржолшылар Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде алғашқылардың бірі болып халық басына түскен ауыртпалықты бірге көтеріскен.

Шеберлік сағатының қорытындысында ұйымдастырушылар барша жиналғандарды "Самұрық-Қазына" еріктілер командасына кіруге шақырды. Ол үшін http://volunteer.sknews.kz/ парақшасына тіркелу қажет. 

Өзара жемісті ынтымақтастық үшін Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы өкілдеріне "ҚТЖ" ҰК" АҚ HR жөніндегі басқару директорының Алғыс хаты табысталды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: