Page 48 - SK News №1-2 (159-160)
P. 48
SK NEWS БІЗДІҢ БАСПАСӨЗ
«МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕ»:
кәсіби мамандар
ұжымы
«Мұнайлы өлке» – «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының корпора-
тивтік басылымы. Сондықтан оның миссиясы да, жұмыс бағыты да компа-
ния қызметкерлері мен басшылығы арасында сенімді қатынас орнату, кор-
поративтік құндылықтарды насихаттауға негізделеді. Газет бүгінде өзінше
бір ақпараттық алаңға айналған. Мекеменің кез келген қызметкері өзінің
мақаласын жариялап, әріптестеріне газет арқылы насихат айта алады.
Сондай-ақ, басылым мазмұнының басым бөлігі қарапайым еңбек адамы ту-
ралы мақалалар мен очерктерден тұрады. Мекеменің жеткен жетістіктері,
маңызды ақпараттар мен қоғамдық елеулі шаралар мен даталар да – газет
материалдарына арқау.
БАСЫЛЫМ БАСТАУЫ
«Мұнайлы өлкенің» тарихы 2009 жылдан
басталады. Ол «Маңғыстаумұнайгазда»
мекемеішілік жаңалықтар мен маңызды
ақпараттарды жариялап, компанияның
корпоративтік саясатын насихаттайтын
құралдың жоқтығы қиындық тудырып
жүрген кез болатын. Ал 2009 жылы ком-
пания иелері мен басшылығы ауысқан
тұста бұл мәселенің өзектілігі арта
түсті. Сөйтіп, осы жылғы мамыр айында
«Мұнайлы өлкенің» алғашқы саны жа-
рық көріп, оқырманға жол тартты.
Газеттің алғашқы редакторы болып
өңірге белгілі ақын, жазушы, публицист
Айтуар Өтегенов қызмет етті. Журналис-
тиканың қыр-сырын әбден меңгерген
шебер маман басылымды оқырман
көңілінен шығатын қызықты ақпараттар
мен мағлұматтарға қанық ете білді.

