Page 32 - SKNEWS 19-20
P. 32

SK NEWS                                                                            РЕПОРТАЖ                                                                                                                         SK NEWS






                                                                                                                                      уран тікелей өндірілетін геотехнологиялық
                                                                                                                                      полигонды басқарады.
            БЕТПАҚДАЛАДАҒЫ                                                                                                            «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінде «Қа-

                                                                                                                                      ратау» – алғашқылардың бірі болып техно-
                                                                                                                                      логиялық процестерді автоматтандырған
            ҚАЛАШЫҚ: УРАН ҚАЛАЙ                                                                                                       кеніш. Бұл кәсіпорынға қауіпсіздік техни-
                                                                                                                                      касын түбегейлі жақсартуға және өндірістік
                                                                                                                                      жарақаттануды болдырмауға, сондай-ақ
                                                                                                                                      зиянды өндірісте жұмыс істейтін жұмысшы-
            ӨНДІРІЛЕДІ                                                                                                                лардың денсаулығын қорғауды жаңа деңгей-
                                                                                                                                      ге көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ,
                                                                                                                                      уран жер астында өндірілетіндіктен, жер
                                                                                                                                      беті өзгеріссіз қалады және ландшафттың
                                                                                                                                      бұзылуына және қалдық қоймаларының пай-
                                                                                                                                      да болуына жол берілмейді. Кәсіпорынның
                                                                                                                                      дайын өнімі – уран оксиді. Бұл өз кезегінде                Нұржан Қалдыбеков
           Түркістан облысындағы Созақ ауданы уран өндірісімен                                                                        қауіпсіз тасымалдауға жарамды уранның зи-
                                                                                                                                      янсыз түрі болып табылады», – дейді Нұржан
           көпшілікке танымал. Бүгінде Бетпақдаладан шығып жатқан                                                                     Қалдыбеков.
           өнімге деген әлем елдерінің қызығушылығы да жоғары.









              Шымкенттен шыққан көлік 5 сағат жол              жабық жағдайда өтеді», – дейді «Қаратау»
              жүріп, «Қаратау» кенішіне келіп тоқтады.         ЖШС-нің геотехнологиялық алаң басшысы
              Қақпадан арнайы күтіп алған қауіпсіздік          Нұржан Қалдыбеков.
              бөлімінің басшысы ережелерді түсіндіріп,
              ішке алып өтті. Өндіріс орнының формасын         Бассейнде өнім су арқылы тұндырылады.
              киіп, көзілдірік пен маска тақтық. Каска мен     Құмдардан тазартылған соң, таза ерітінді
              қолғабымыз да бар. Аяқта етік. Содан Бет-        магистралдық құбырлар арқылы зауытқа
              пақдаладағы тіршілікпен танысуды бастап          жіберіледі.
              кеттік.
                                                               Өңдеу цехында өнім ерітінділерден ажыра-
              КҮНІНЕ 16 КЕЛІДЕН АСТАМ ӨНІМ                     тылады. Ал, аффинаж цехында уран оксиді
                                                               түрінде дайын өнім шығарылады. Тұндыру,
              Уран 650-700 метр тереңдіктен алынады. Ол        сүзу, қыздыру процестерінен өтеді. «Уран
              үшін арнайы ұңғымалар қазылған. Қаратау          кені концентраты» стандартына сәйкес
              кенішіндегі 7500 гектар алқапта дәл қазір        келетін уран оксиді (U3O8) алынғанға дейін
              1500-ден астам ұңғыма жұмыс істеп тұр. Бар-      850 градустық ыстықта қыздырылады. Содан
              шасы бір-бірімен байланыстырылған. Жер           қоймаға жіберіледі. Онда уран оксиді та-
              астынан алынған өнім құбырлар арқылы             уарлық-орау контейнеріне құйылып, серти-
              ашық аспан астында жасалған бассейнге            фикатталады. Осылайша, кеніште күніне 16
              жіберіледі.                                      келіден астам өнім дайындалады. Ал, жылы-
                                                               на 3 200 тонна уран өндіріледі.
              «Технологиялық ұңғымалардың екі түрі бар.
              Бірі жер астындағы қатты уранды күкірт           Геотехнологиялық алаң басшысы Нұржан
              қышқылы арқылы сұйықтыққа айналдыр-              Қалдыбековтің компанияда жұмыс істеп келе
              са, екінші ұңғыма сол сұйық өнімді сорып         жатқанына 16 жыл болған. Оқу орнын бітір-
              алады. Бұл жұмыстар автоматты жағдайда           ген соң, бірден оператор болып қызметке
              атқарылады, яғни жер бетіне уран жабық           орналасыпты. Кейін шебер, ауысым бастығы,
              жағдайда көтеріледі. Экологиялық жағынан         полигон бастығының орынбасары қызмет-
              және өнімділік тұрғысынан қарағанда, бұл –       терін атқарды. Арасында білімін жетілдіріп,
              ең тиімді әдіс. Содан сорғы арқылы тұндыр-       біліктілігін арттырды. Тәжірибесін шыңдады.
              ғыш бассейнге жинаймыз. Барлық процес            Қазір Нұржан ең күрделі учаскелердің бірі –
      32
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37