Page 25 - SKNEWS 7-8
P. 25

SK NEWS       БІЗДІҢ МАМАН  35                                                                     SK NEWS





 МАШИНИСТ




 АҚМАҒАНБЕТОВ:






 «ҚАРАЖАНБАС –



 ЕКІНШІ ҮЙІМДЕЙ ЫСТЫҚ»








 Сүйікті қызметінің шыңына көтеріліп, құрметті демалысқа шығу – әрбір маманның
 еңбек тарихындағы маңызды кезең. Ғұмырды туған өлкені өркендетуге арнау аза-
 маттық борыш болса, көп жылдық маңдай тердің жемісін көру еңбек адамын ерек-
 ше бақытқа бөлейді. Мұндай құрмет енді «Қаражанбасмұнай» АҚ мұнай дайындау
 және айдау цехының сорап қондырғысының машинисі Аби Ақмағанбетов үшін де
 таңсық емес.
              Аби Ақмағанбетов 30 жылға жуық өмірін
              Қаражанбас кен орнындағы қайнаған
              жұмысқа арнаған еңбекқор жұмысшы.
              Компаниядағы еңбек жолын цехқа қа-
              расты қазандықтарды тазалаушы болып
              бастаған ол кейін сораптардың сапалы әрі
              уақытылы жұмыс істеуін жіті қадағалайтын
              машинст қызметін атқарды. Іске мығым,
              тапсырмаға тиянақты Аби артынан ерген
              жас мамандар үшін үлгі тұтар әріптес,
              ақылшы аға.

              «Қаражанбас мен үшін екінші үйімдей
              ыстық мекен. Әріптестерім де бауырла-
              рымдай қымбат. Мұндағы жылдарымды
              маңызды іске арнап, еліме пайдам тиер
              маман болғаныма шексіз қуаныштымын.
              Соңғы вахтамды абыроймен аяқтап, сү-
              йікті ісімді жас буынға сеніп тапсырамын.
              Мұнайымыз таусылмасын, Қаражанбас
              дами берсін», – дейді Аби Ақмағанбетов.

              Мұнай дайындау және айдау цехының
              еңбек ұжымы зейнет демалысына шыққан
              әріптесіне құрмет көрсетіп, иығына қазақы
              дәстүрмен шапан жапты. Аби де әріптес-                  «Қаражанбасұмнай» АҚ баспасөз қызметі
              теріне риясыз рақмет айтып, абыройлы
              қызметте сенімді серік болғаны үшін алғыс
              білдіріп, ақ батасын берді.




 24                                                                                                         25
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30