Page 10 - SK News №3-4 (161-162)
P. 10
SK NEWS ЖЕМІСТІ ЖОБА
САУРЫҚТАҒЫ
САУЫҚТЫ «ОПТИКА»
ҚАЛАЙ БАЙЫТТЫ?
«Қазақтелеком» АҚ ауылдық елді мекендерге жүргізген талшықты-оптикалық байла-
ныс желісі не ауызекі тілдегі «оптика» шаруашылықты айтарлықтай жеңілдетті. Ауылға
кірген жүйрік интернет тұрмыс-тіршілікті түбегейлі өзгертті. Ауыл халқы онлайн кәсіп-
керлікті игеріп, ортақ чатта мазалаған мәселесін жылдам шешуге үйренді. «Қазақте-
лекомның» бұл жобасы екі жыл бойы қарқынды жүріп, 2020 жылдың желтоқсанында
межесіне жеткен еді. Нәтижесінде 14 514 шақырым жерге жүйрік оптика тартылып, 828
ауыл халқы интернет игілігіне қол жеткізді.
АЛЫСТЫ ЖАҚЫН ЕТКЕН ИГІЛІК
Саурық батыр ауылы Алматы облы-
сының Жамбыл ауданында, қаладан
небәрі 60 шақырым жерде орналасқан.
Алайда, былтырға дейін бұл болмашы
ара қашықтықтың өзі ауылды ғасыр-
лық алшақтыққа әкеп тіреді. Өйткені,
ауылда интернет те, байланыс та
болмады. Ауылдың 600-ге жуық тұрғы-
ны ғаламторға жету үшін ең жақыны
20 шақырым жердегі ауылға қатынауы
керек еді.
Саурық батыр ауылына Алматыдан
Ұзынағаш арқылы жетуге болады.
Қаладан шыққан көлікпен 1 сағатқа же-
тер-жетпес уақытта келдік. Ауылға кіре
берісте қарды жинап қолдан жасаған
сырғанаққа көзіміз түсті. Ауыл кішкен-
тайларының бәрі осы жерде сияқты.
Интернеттің жәй-күйін алдымен осы
балалардан сұрадық. Жамырап «үйде
интернет бар, ойын ойнаймыз, сабаққа
қатысамыз, түрлі мультфильм көреміз»
десіп жатты олар.
Ауыл бар-жоғы 2-ақ көшеден тұрады
екен. Ал ең үлкен ғимараты - 2 қа-
батты қызғылт түсті мектеп. Ауылды
толық интернетпен толық қамтамасыз
ету процесі дәл осы мектептен бастау
10 алған.